№45 мектеп-гимназиясы мұғалімдері туралы ақпарат
№45 мектеп-гимназиясы мұғалімдері туралы ақпарат
Мектепте 102 мұғалім жұмыс жасайды. Жоғары санатты – 13, бірінші санатты – 24, екінші санатты – 27, санатсыз – 38 мұғалім. Жоғары білімділер – 94, арнаулы орта – 8 мұғалім. Мектебімізде – 4 зейнеткер мұғалім бар, олар математика, орыс тілі және ағылшын тілдерінен сабқ береді. Бала күтімінде декретте отырған 7 мұғалім.
Мектеп бойынша деңгейлік курстан өткен – 12 мұғалім, оның ішінде І (ілгері) деңгейден – 2 мұғалім , ІІ (негізгі) деңгейден – 4 мұғалім, ІІІ (базалық) деңгейден 6 мұғалім сертификатталды. «Өрлеу( және Талдықорған қаласындағы педагогиалық шеберлік орталығында қысқа мерзімді курсты – 47 мұғалім оқыса, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша – 26 мұғалім оқып, сертификатталып келді. Оған қоса информатика пәні мұғалімі робототехника курсынан өтсе, 4 мұғалім «Тәжірибедегі рефлексия» тақырыбындағы тренерлік курстан өттіп, сертификатталды.
Мектебіміздің директоры Р.Баракова 2016 жылы «Бейбітшілік әлемі» қазақ творчестволық бірлестігінің «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталса, оқу ісінің меңгерушісі Жумадилова Бекзатпен бастауыш сынып мұғалімі Ж.Оразбекова «Білім үздігі» төс белгісімен марапатталды. Технология пәні мұғалімі Джабагиев Ақжол өз өнерін көрсете білгені үшін «Бейбітшілік әлемі» Қзақ творчестволық бірлесітігінің «Мұқағали Мақатаев» төс белгісімен марапаттады. Тарих пәні мұғалімі Жұмағали Рыскул облыстық «Жаңашыл мұғалім – 2015» байқауының ІІ орын жүлдегері. Бастауыш сынып мұғалімі Мукашева Жазира «Өрлеу» және Bilim media group ұйымдастыруымен өткен республикалық «Жаңашыл мұғалім – 2016» байқауының ІІІ орын жүлдегері және 150 000 теңге қаржылай ұтыс. Мектебіміздің педагог ұйымдастырушысы «Нұрлы жол» байқауына өнерлі оқушыларды дайындағаны үшін «Лучший ұстаз» мақтау грамотасын алды. 2017 жылы Республикалық «Өрлеу» білім және ғылым порталынан директордың оқу-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Д.Есенсарина мен бастауыш сынып мұғалімі Ж.Мукашева «Ұлағатты ұстаз» төс белгісімен марапатталса, алғашқы әскери дайвндық мұғалімі А.Ахметбеков Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерей тойына қарсы «Бауыржан Момышұлы» төс белгісімен және 2017 жылдың жаз айында Астана қаласында «Талғат Бигельдинов» төс белгісімен марапатталды. Тарих пәні мұғалімі Биқожаев Мақсат облыстық «Алаш арысы» байқауына қатысып, облыстық әдістеме кабинет меңгерушісінің алғыс хатын алды. Аудандық «Өнерлі ұстаз» номинациясы бойынша Бейкутова Айдана марапатталды. Жалпы мектебімізде Алматы облыстық білім басқармасының құрмет грамотасымен 2 мұғалім, аудандық білім бөлімі басшысының грамотасымен 24 мұғалім марапатталған.
600 -Орынға Арналған
мектеп ауданы 5544.39 кв.м
Сынып бөлмелері 32
оның ішінде бастауыш сынып бөлмелері 13
Қазіргі уақытта оқып жатқан оқушы саны 1015
Материалдық база асхана 200орындық 195кв.м.
информатика кабинеті 2 мектептегі компьютер 90дана
мультимеди кабинеті 1 интерактивті тақта 3, биология кабинеті 1 физика кабинеті 1, химия кабинеті 1,
жабдықталған еңбек кабинеті - 2, оның ішінде ағаштан жабдықталған 1, темірмен жабдықталған - 1, тігін машина кабинеті -1, асханамен жабдықталған - 1, мед.кабинет -1, спорт зал - 571,9кв.м. Акт залы - 133,2кв.м. 200орныдық.
жылу - орталықтандырылған (газ, сұйық отын).
Мемлекеттік тіркеу анықтамасы юристік № 150940019382
оқыту тілі қазақша