Санитарлық норма » Алматы облысы Талғар ауданының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің " Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №45 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы
Талғар ауданы білім бөлімінің
"№45 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+77273045939
Есепші бөлімі:
+77787680550
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2019

Санитарлық норма

Анықтама

«№45 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде жалпы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 100 оқушы бар. Оның 90-ы мемлекет тарапынан, 10-ы арендатордың есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Комиссия құру. Мектепте оқушыларды тегін тамақтандырудың сапасын бақылау және мониторинг жасау жөнінде сараптама комиссиясы құрылған. Сараптама комиссиясы әр айдың басында балаларға келген азық түлікті тізбектеп жазып, акт жасап қабылдап алып отырады. Аптасына бір рет зерделеу жұмыстарын жүргізіледі, мектепте оқушыларға берілетін тегін тамақтың азық-түлігінің сапалы болуын, сақталу мерзімін, күнделікті ас мәзіріне сәйкес болуын қадағалайды. Сонымен қатар асхана тазалығын, тоңазытқыштардың дұрыс жұмыс істеуін, аспазшылардың гигиеналық талаптарды қатаң сақтауын бақылауда ұстап отырады. 






«Дұрыс тамақтанудың маңызы» атты сынып сағаты. 

3Д  сыныбының сынып жетекшісі Бейкутова Лаура "ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ-ДЕНСАУЛЫҚ НЕГІЗІ" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты: 

Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау; 

Міндеттері: 

Оқушылардың дұрыс тамақтануының негізгі прициптерін; 

- Тамақтану сауаттылығының бес негізін; 

- Тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін; 

- «Салауатты өмір» салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдау,ортақ ой түю.

Тәрбие сағатының жоспары:

  1. Дұрыс тамақтану
  2. Дұрыс тамақтану ережелері:
  3. Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
  4. Бекіту
  5. Үйге тапсырма

     Дұрыс тамақтану

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.Сондықтан да мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған байланысты мектебіміздің асханасы таңертеңгі 8.00-16.00-ге дейін жұмыс жасайды. 

Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері (норма) мектептік құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикесі тарапынан бақылауға алынған. Сонымен қатар тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында бракераждық комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына екі рет асхана тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде акт толтырылады. Айына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекцияланып отыру көзделіп, іске асуда. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгеріп отырылады. Ыстық тамақтың бағасы 286 теңгені құрайды. Салат түрлері үнемі өзгертіліп, ауыстырылып отырылады. Салатқа жемістер мен көкөністер сапалы түрде беріледі. Буфеттік тағамдар түрі жиі толықтырылып тұрады. Мектеп оқушыларын сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Оқушыларға мектеп асханасынан қайнатылған су тұтынылады. Дұрыс тамақтанып, айтылған ережелерді орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады. Сондықтан да дұрыс тамақтану - әр адамның өз қолында демекпіз атты баяндама оқылды.



 Оқушыларды санитарлық-гигиеналық  ақпараттандыру.



Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп отырды: тамақтану үшін сабақ арасындағы үзілістерді ұйымдастыру, биология және технология пәндері бойынша оқу бағдарламаларының жоспарына тамақтану мәдениеті туралы сауалдарды қосу және т.б. Үйлесімді тамақтандыруды бақылау жүзеге асырылады,  мектептің медициналық қызметкері тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырады, көрнекті насихаттау жұмыстары жүргізіледі: сурет байқаулары, сыныптарда денсаулық бұрыштарын жабдықтау жүзеге асырылады.


Мектебіміздің медбикесі акция бойы сыныптарға кіріп дұрыс тамақтанудың маңызы жайында түсіндірме жұмыстар жүргізіп отырды, тазалықтың адам өмірінде қаншалықты маңызды екенін айта кетті және т.б. мәселелерді қарастырды.

Азық түліктің дұрыс сақталуы және әзірленген тамақтың сапасы.

Ыстық тамақты ұйымдастыруда әрбір   тамақтану кезеңінде ыстық тамақты, бірінші қосымша таңғы аста және екінші тағаммен сусындар, түскі аста қолданылады. Ыстық сусын ретінде жылы сүт, витаминделген кисель, жас және кепкен жемістер компоты, сусындары беріледі. Салқын сусындар ретінде шырындар, ашыған сүт (сұйық) өнімдері, витаминделген дайын қораптағы (өндіріс жағдайында жасалған) сусындар қолданылады.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив